Әзірше учаскенің 60 пайызы келісілген
Жақын арада Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері ортақ шекарадағы даулы жерлер мәселесі бойынша келіссөздердің келесі кезеңін өткізеді.
Қырғызстан Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер Тәжікстанда болады.
2023 жылғы 10-16 наурыз аралығында Қырғыз Республикасының делегациясы Душанбеде тәжікстандық әріптестерімен кездесу өткізеді. Онда мемлекеттік шекараның ортақ учаскесін делимитациялау және демаркациялау мәселелері талқыланады, – делінген хабарламада.
Екі тарап шекараны делимитациялау мәселесімен 20 жылдан аса уақыт бойы айналысып келеді. Осы уақытта тараптар 60 пайыздан аса шекара учаскесі бойынша келісімге келген.