×

Лифтіде оқушыға тиіскен: қарағандылық қыздың анасы әділдік іздейді

Қазір қыз отбасымен басқа үйге көшкен

 Халық үні 09.03.2023 | 08:20
фото: видеодан скриншот

Қарағандылық оқушының анасы сот шешімімен келіспейтінін айтты. Оның айтуынша, қызына лифтіде тиіспек болған ер адам ауыр жаза арқалауы керек, деп хабарлайды Алматы телеарнасы. 

14 жастағы қыздың артынан еріп, ілесе лифтіге бірге кірген ер адамның әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған. Қарсылық көрсеткен жеткіншекті сыртқа шығармай, қысым көрсеткен жігіт 23 жастағы тұрғын екені кейін анықталды. Оның үстіне, арам ойдың арбауында қалған ер адамның отбасы бар.

Үйге шақырдым. Ойымда арам ой болды, оны мойындаймын. Істеп тұрған нәрсемнің бәрін мойындап тұрмын, - деді күдікті.

Күдікті кінәсін толық мойындағанымен, бұл іс зорлық-зомбылық дерегі деп танылмайды. Ал оқушының анасы бұл үкіммен келіспейтінін айтып, жазаны қатаңдатуды сұрап отыр.

«К. есімді ер адам сот шешіміне сәйкес, адамды қорлап, тиіскені үшін кінәлі деп танылды. Оны әкімшілік жазалау мақсатында 3 тәулік қамау туралы шешім бар. Әзірге сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», - деді Мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Алексей Ан.

Әділдік іздеген ана әлі де арыз жазатынын айтты. Қазір қыз отбасымен басқа үйге көшкен.

«Бұл жағдай қызымның психологиясына қатты әсер етті. Қазір ер адам көрсе, қорқатын болған. Мен соттың шешімімен келіспеймін. Мұндай жағдайға қалай ғана 3 күндік қамау туралы шешім шығаруға болады?», - деді жәбірленушінің анасы Альмира Әбдікәрімова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама