Halyq Uni логотип
×

Түркияда жер сілкінісі салдарынан топырақ көшкіні болды

Зілзала ошағы 12,8 шақырым тереңдікке жетті

 Халық үні 09.03.2023 | 07:29
Түркияда жер сілкінісі салдарынан топырақ көшкіні болды
фото: anadolu agency

Түркияның Кайсери провинциясында 4,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі. 

Түркия төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының деректеріне сәйкес, жерасты дүмпуінің эпицентрі Инджесу ауданында болған. Ал тереңдігі 12,8 шақырым.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 14:47-де тіркелді. 

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, жерасты дүмпу салдарынан Кайсери провинцисында топырақ көшкіні жүрді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама