Halyq Uni логотип
×

Еліміздің бірнеше өңірінде дауыл туралы ескерту жарияланды

Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде аздаған бұрқасын, көктайғақ болады

 Халық үні 08.03.2023 | 22:55
Еліміздің бірнеше өңірінде дауыл туралы ескерту жарияланды
Фото: Halyq Uni

9 наурызда 10 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет». 

9 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда төмен қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Осы күні Қостанай облысының солтүстігінде, батысында түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Қостанайда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман, күндіз батыс пен солтүстікте көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел –  15-20 м/с. Көкшетауда төмен қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні –  15-20 м/с.

9 наурызда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні –  15-20 м/с. Павлодарда күндіз батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады.

9 наурызда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран, көктайғақ байқалады. Жел солтүстік-батыстан, түнде солтүстікте, облыстың шығысында 15-20 м/с, –  деп жазды синоптиктер.

Осы күні Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, солтүстікте оңтүстік-батыстан соғады. Батыста, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с.

9 наурызда күндіз Маңғыстау облысының шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні –  15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстікте оңтүстік-шығыстан соғатын жел таулы аймақтарда 15-20 м/с жетеді. Шымкентте күндіз найзағай ойнайды.

9 наурызда түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, түнде жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел, түнде шығыста, облыстың таулы аймақтарында екпіні - 15-20 м/с. Қонаев қаласында түнде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түннің бірінші жартысында екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. 9-10 наурызда қардың еруіне, қар жамылғысының тұрақсыз жай-күйіне,Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде күтілетін қатты жауын-шашынға байланысты қар көшкінінің жүру қаупі сақталады.

Алматыда 9 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама