ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары ұжымға Дәурен Абаевты таныстырды
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов атқару комитетінің ұжымына Дәурен Абаевты таныстырды, деп хабарлады атқару комитетінің баспасөз қызметі.
Осылайша Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметіне кірісті.
ТМД-ның атқару комитетіне осындай тәжірибесі бар адамның келгені қуантады. Дәурен Абаевтың тамаша білімі, дипломатиялық және мемлекеттік лауазымдарда үлкен тәжірибесі бар, – деді Леонид Анфимов.
Дәурен Абаев бұл қызметке отандасы Бекетжан Жұмахановтың орнына келді.