Электр желілеріндегі апатты жоюға 22 адам мен 5 техника жұмылдырылған
Павлодар облысында түнде соққан қатты жел салдарынан облыстағы 21 ауыл жарықсыз қалды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, желдің екпіні секундына 27 метрге дейін жеткен. Соның салдарынан болған электр желілеріндегі апатты жоюға 22 адам мен 5 техника жұмылдырылған.
8 наурызда сағат 04:15-те Жаңатілек кентінде Б.Хайдаров атындағы мектептің 51 шаршы метр аумақтағы шатыры жартылай опырылды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Павлодар қаласында сағат 06:30-да 4 қабатты әкімшілік ғимараттың 1 440 шаршы метр алаңында қаңылтыр шатыр ұшып кеткен. Ол ғимарат 1980 жылы салынған және соңғы рет былтыр жөндеуден өткен.
Ведомство мәліметінше, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Олардан бөлек, көктемгі өтпек жел өзен жағалауындағы Ertis Promenade сахнасының қаптамасын да жұлып әкеткен.