Halyq Uni логотип
×

Ақтөбедегі 1 жасар сәбидің жұмбақ өлімі: комиссия өз қорытындысын жариялады

Ақтөбеде құрылған комиссия бір жасар сәбидің өліміне ата-анасы кінәлі екенін мәлімдеді

 Халық үні 07.03.2023 | 21:43
Ақтөбедегі 1 жасар сәбидің жұмбақ өлімі: комиссия өз қорытындысын жариялады
Фото: 24.kz

Ақтөбеде бір жасар сәбидің өліміне қатысты құрылған комиссия өз қорытындысын жариялады. Олар жауапты мекемелер тарапынан тиісті бақылау болмағанын мойындайды. Бірақ баласы үшін тек ата-анасы кінәлі деп отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Осыдан бір апта бұрын ішімдікке салынған келіншектің ашқұрсақ балаларына қатысты ақпарат қоғамда қызу талқыланды. Шетінеген сәбидің табытының қасында бұратылып жатқан төрт жасар баланы еріктілер тауып алған. Ата-анасының араққа салынғаны сонша, мәйітті көмуге де мұршасы болмапты. Кейін тексеру кезінде маскүнем ананың бірнеше жыл бұрын тағы бір баласының шетінегені белгілі болды. Ол да ауырып қайтқан. Учаскелік дәрігерлер бұл отбасының үнемі көшіп-қонып жүретінен айтады. Сондықтан балаларына екпе де салынбаған. Ал қамқоршы комиссиясы мен тәртіп сақшыларына қатысты әлеуметтік жағдайы төмен мұндай отбасыларды тексеруі бойынша нақты ереже жоқ екен. Яғни жауаптылардың қанша күн сайын тексеріп, балалардың жағдайын қадағалап тұруы нақтыланбаған. Сондықтан ешкімді жазалай алмаймыз дейді балалар құқығына жауапты уәкіл.

«Біздің қателігіміз бар. Оны мойындау керек. Бұлар мемлекеттің қарауында болуы керек. Ол шарт және қамқорлықтың әлсіз тұстары бар екенін көріп отырмыз. Осы оқиға соның дәлелі», - дейді Ақтөбе облысы бойынша балалар құқығын қорғау уәкілі Еділ Аймағанбетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама