×

Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған өлі сәби табылды

Қылмыстық кодекстің  100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 Халық үні 07.03.2023 | 19:50
Фото: yandex.kz

Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған өлі бала табылды, деп хабарлайды polisia.kz.

7 наурыз күні  сағат 12.47-де Павлодар қаласының полициясына Бұқар жырау көшесіндегі үйдің ауласында қоқыс жәшігінен өлі туған баланың денесі табылғаны туралы хабарлама түсті.

Осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің  100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы фактіге қатысы бар адамды жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама