Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған өлі сәби табылды
Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған өлі бала табылды, деп хабарлайды polisia.kz.
7 наурыз күні сағат 12.47-де Павлодар қаласының полициясына Бұқар жырау көшесіндегі үйдің ауласында қоқыс жәшігінен өлі туған баланың денесі табылғаны туралы хабарлама түсті.
Осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы фактіге қатысы бар адамды жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.