×

Павлодарда балағат сөздер айтқан қыздар есепке алынды

Полиция олардың ата-анасымен сөйлескен

 Дәурен Ерболат 07.03.2023 | 17:37
Фото: vlast.kz

Павлодарда балағат сөз айтқан 5-сынып оқушылары есепке алынды, деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.

6 наурызда кешкі сағат 20:00 шамасында кәмелетке толмаған қыздар Қайырбаев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің домофонын басып, «Кім?» деген сұраққа балағат сөзбен жауап берген.

Кәмелетке толмағандар – 11 жаста. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын жасқа толмаған. Ата-аналар және балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деп жазылған хабарламада.

Оқушылар мектепішілік есепке алынды.

Айта кетейік, кеше балағат сөз айтатындарға қарсы жаза күшіне енген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама