×

Түркияда жанкүйерлер алаңдағы футболшыларға пышақ лақтырды

Матчта жергілікті фанаттар күрд ойыншыларына қарсы сөздер айтқан

 Дастан Жұмабекұлы 07.03.2023 | 17:10
фото: ашық дереккөз

Түркияда «Бурсаспор» клубының жанкүйерлері «Амедспор» командасының ойыншыларына пышақ лақтырған.

Бұл екі команда Түркия чемпионатының екінші дивизионында ойнайды. The Sun басылымының хабарлауынша, «Бурсаспордың» жанкүйерлері матч кезінде күрд халқына қарсы сөздер айтып, ойыншыларға неше түрлі зат лақтырған. Соның ішінде пышақ та болған.

«Амедспор» – Түркияның Диарбекир қаласының командасы. Бұл қаланың негізгі тұрғындары – күрд халқы. Алаңда туындаған кіикілжіңнің басты себебі де осы болған деген дерек бар.

Осы жағдайға қарамастан, матч соңына дейін болды. Кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама