×

Қытайдағы қандастар Джеки Чанға шапан жауып, ат мінгізді (ВИДЕО)

Ол көпшілікке ризашылығын білдіріп, олармен бірге ән салды

 Еркеғали Болатұлы 07.03.2023 | 16:40
фото: видеодан скриншот

Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономия өлкесі Іле Қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданын мекендейтін қандастарымыз Оскар сыйлығының иегері, әлемге танымал қытайлық актер Джеки Чанға тақия кигізіп, тұлпар мінгізді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Weibo әлеуметтік желісінде тараған видеолардан танымал актердің Шыңжаңға сапары кезінде жергілікті тұрғындардың ыстық ықыласына бөленгенін, сондай-ақ қазақ салт-дәстүрі бойынша құрметті қонақ ретінде тұлпарды сыйға алғанын көруге болады.

Басына қазақы тақия, үстіне шапан киіп, қолына қамшы ұстаған Джеки Чан көпшілікке ризашылығын білдіріп, олармен бірге ән салды.

Айта кетейік, Джеки Чан Шыңжаңға осы жолғы сапарында 2005 жылы жарық көрген «Миф» киносының жалғасын түсірген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама