Сырдария өзені арнасынан асты: Қызылорда облысында жол жабылды
Қазір жағдай бақылауда
Су басу қаупіне байланысты облыстық маңызы бар «Жалағаш-Жосалы» бағытындағы жол уақытша жабылды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сырдария өзені арнасынан асып, Қармақшы ауданы Қызылтам елді мекені тұсындағы Далдабай, Қызылтам жолын су басу қаупі туындады.
Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін облыстық маңызы бар «Жалағаш-Жосалы» бағытындағы (Жосалыдан 43, Жалағаштан бері 31 шақырым жердегі Далдабай мен Қызылтам елді мекендерінің арасы) жол уақытша жабылды. Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ. Бүгінде жағдай бақылауға алынған, - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік бұл жағдай жол қатынасына кедергі келтірмейтінін атап өтті.