×

Жүргізуші куәлігін алу талабы күшейеді

Оларды онлайн оқыту жойылмауы мүмкін

 Дәурен Ерболат 07.03.2023 | 16:32
Фото: orda.kz

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу талабы күшейеді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір жүргізушілерді онлайн оқытуды тоқтату мәселесі талқыланып жатыр. Шешім ғылыми негізге сүйеніп, қабылдануға тиіс. Онлайн оқытуды бірден алып тастау қарсылық тудыруы мүмкін. Жүргізуші куәлігін беру бойынша талапты күшейтеміз. Емтиханды бөгде кісілердің тапсыру дерегі тіркелді. Сондықтан мәселені біржақты емес, кешенді түрде қарастыру керек, - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан соң.

Министрдің пікірінше, жүргізушілерді онлайн оқуды қалдыру керек. Алайда бұл мәселе әлі талқыланады. 

«Себебі орталыққа барып оқу бәріне ыңғайлы емес. Алайда талапты бұзғандарға неғұрлым қатаң шаралар қабылданады. Сондай-ақ көліктерді техникалық байқаудан өткізу мәселесі, шетелдік автомобильдерді заңдастыру аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама