Мессидің балалық шағы туралы мультхикая түсіріледі
Фильм әлемнің көптеген тіліне аударылады
Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессидің балалық шағы туралы мультхикая түсіріледі. Оны америкалық компаниялардың бірі түсіреді.
Режиссерлардың айтуынша, мультхикаяда футболшының балалық шағы көрсетіледі. Онда бала Лео бейнеойын арқылы әлемді шарлап, түрлі кедергілерден өтеді. Фильмде америкалық студияның өнерпаздары мен композиторларының музыкасы пайдаланылады.
Мультхикаяны түсіру жұмыстарына Мессидің өзі де қатысады. Фильм әлемнің көптеген тіліне аударылады.
Сериалдың қашан шығатыны әзірге белгісіз.
Айта кетсек, Месси – «Алтын доп» сыйлығын 7 рет, FIFA-ның «Жыл ойыншысы» атағын 6 рет, «Алтын бутсы» жүлдесін бірнеше рет жеңіп алған әлемдегі жалғыз ойыншы. Былтыр ол Аргентина құрамасы сапында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.