×

Астанада тамақ ұрлаған ер адам ұсталды

Оның басқа қылмыстарға қатысы бары анықталды

 Дәурен Ерболат 07.03.2023 | 15:58
Фото: ugra-news.ru

Елордада тамақ ұрлады деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері тамақ ұрлаған Солтүстік Қазақстан облысының 37 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында 37 жастағы ер адамның Бөгенбай батыр даңғылындағы дүкеннің жанынан өтіп бара жатып, автотұрақтағы ГАЗельге көзі түскені анықталды. Күдікті жүргізуші мен сатушы көліктің жанынан кетіп қалғанда, жүк салғыштан 2 қорап ірімшікті ұрлаған, - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция күдіктінің осыған ұқсас тағы 2 қылмысқа қатысы барын анықтады.

Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарға қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама