×

«Дарын» сыйлығына 35 жасқа дейінгілер де өтініш бере алады

Қаулы 17 наурызда күшіне енеді

 Дастан Жұмабекұлы 07.03.2023 | 15:00
фото: ашық дереккөз

Үкіметтің 2023 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен «Дарын» сыйлығын және «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қаулының талаптарына сәйкес, «Дарын» сыйлығын алуға 35 жасқа толмаған, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары үміткер бола алады.

Бұған дейін 29 жасқа дейінгі жастар «Дарын» сыйлығына үміткер бола алатын. Енді сыйлық әр номинация бойынша екі адамға да берілетін болады. Сыйақы тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.

Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, сыйақы бәріне тең бөлiнедi.

Сол сияқты, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау ережесінде конкурсқа 14 жастан 35 жасқа дейінгі  азамат қатыса алады.

Қаулы 17 наурызда күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама