Мерекелік құрам күн сайын 2023 жылғы сәуір айының соңына дейін жүреді
Астана – Алматы бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген мерекелік Тальго пойызы жолға шықты, деп хабарлады «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Толығырақ айтқанда, 6 наурызда елордалық вокзалдан Астана – Алматы бағыты бойынша Наурыз мерекесі қарсаңында безендірілген №3/4 Тальго пойызы алғашқы сапарға аттанды.
Құрам вагондары этностильде безендірілген. Мерекелік құрам күн сайын 2023 жылғы сәуір айының соңына дейін жүреді.
Тальго этнопойызы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ пен Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен жобасы.