Команда толық құрамда күш сынасады
Бокстан 14-26 наурыз аралығында Үндістанның астанасы Дели қаласында әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның ұлттық құрама командасы анықталды.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына толық құрамда қатысып, 12 салмақ дәрежесінде күш сынасады.
Ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Надежда Рябец (66 кг), Мәдина Нұршаева (70 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Фариза Шолтай (81 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) қорғайды.