×

Шымкентте жыл соңына дейін 1 мыңнан аса пәтер беріледі

Алдағы екі жылда көпқабатты тұрғын үйлер салу бойынша да қажетті шаралар қабылданады

 Динара Амантай 07.03.2023 | 09:15
Фото: t.me/KZgovernment

Үкіметте өткен кеңесте премьер-министр Әлихан Смайыловтың 27 қаңтарда Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеңеске қатысушылар «Сайрам» елді мекенінде сумен жабдықтау объектілерін, Алматы тас жолы бойындағы «Тұран» магистральдық кәріз коллекторын салу және қаланың көлік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін талқылады. Мәселен, осы жылдың өзінде 11 шақырымнан аса автожолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша 2023 жылы ұзындығы 9 шақырым жылумен жабдықтау желілерінің әбден тозығы жеткен жерлерін реконструкциялау басталады. Бұдан басқа, әкімдік Спортивный шағын ауданындағы қазандықты реконструкциялауды және жаңа сорғы станциясының құрылысын жоспарлап отыр.

Алдағы екі жылда көпқабатты тұрғын үйлер салу бойынша да қажетті шаралар қабылданады. Олардың қатарында Бозарық (1 640 пәтер) және Ақжайық (780 пәтер) шағын аудандары бар.

Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін «Отбасы банкі» желісі бойынша тиімді мөлшерлемемен несиелік тұрғын үй беру жалғасады. Атап айтқанда, жыл соңына дейін 1 мыңнан аса пәтер тапсырылмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама