Алматыда көлік ұрлаған адамдар ұсталды
Күдіктілер қылмысты мойындады
Polisia.kz-тің хабарлауынша, 2000 және 2004 жылы туған екі ер адам қалада көлік ұрлаумен айналысқан. Алдын ала болжам бойынша, олар Айнабұлақ шағын аудандағы үйлердің бірінің ауласынан көлік ұрлап жатқанда ұсталған.
Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасыловтың айтуынша, криминалдық полиция бөлімі көлік ұрлаумен айналысқан екі адамды ұстады. Олар өз қылмысын мойындады. Қазір ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған көлік тәркіленді.