×

Шымкентте көшеден ер адамның мәйіті табылды

Ер адамның мәйіті BMW маркалы көліктің жанында, жолда жатқан

 Халық үні 07.03.2023 | 04:07
фото: ашық дереккөзден

Шымкентте көшеден ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 37 жастағы ер адам есірткінің артық мөлшерде қолданған, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Қайғылы оқиға 6 наурызда сағат 00:30-да болған. Ер адам досының медициналық көмекке мұқтаж екенін айтып, жедел жәрдем шақырған. Оның сөзінше, оның досы көлікте ауырып қалған.

Алайда дәрігерлер келгенде оқиға туралы хабарлаған адам жақын жерде болмаған. Ер адамның мәйіті BMW маркалы көліктің жанында, жолда жатқан.

Қазір құқық қорғау органдары бұл істі өз бақылауына алған. Олар ер адамның нақты неден қайтыс болғанын және досының оқиға орнынан неге кеткенін анықтайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама