Қазақстанның бірнеше өңіріне қауіп төніп тұр

Халық үні

700 мыңнан астам тұрғын су басу аймағында қалуы мүмкін екенін мәлімдеді

фото: ашық дереккөзден

Қазақстан аумағының 72%-ын қар басып жатыр, 10 өңірде су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» метеорологиялық қызметі.

Синоптиктер республиканың қай өңірлеріне су басу қаупі төніп тұрғанын жария етті.

Қауіп-қатер жоғары өңірлер:

Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары.

Қауіп-қатер орташа өңірлер:

Павлодар, Атырау және Ұлытау облыстары.

Қауіп-қатер төмен өңірлер:

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.

Қарағанды (Нұра өзенін қоспағанда), Ұлытау, Ақмола (Жабай өзенін қоспағанда), Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәннен 13-44%-ға төмен.

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орташа көпжылдық мәннен 37%-ға және 74%-ға жоғары.

Қазіргі уақытта қар жинау процесі жалғасуда.

«Консультативтік болжамға сәйкес 2023 жылдың наурызында елдің басым бөлігінде ауа райы негізінен жылы және жаңбырлы болады», - деп хабарлады метеорологиялық қызмет.

28 ақпанда төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биыл 255 елді мекен, атап айтқанда, 127 мыңнан астам үй мен 700 мыңнан астам тұрғын су басу аймағында қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.