Құны 4 млрд теңгеден асатын алтын бұйымдарды заңсыз экспорттаған қылмыскер ұсталды
Ол Қырғыз Республикасы аумағынан экстрадицияланды
Трансұлттық қылмыстық топ құрып, 4 млрд теңгеден аса сомаға алтын бұйымдардың заңсыз экспортын ұйымдастырған күдікті елге қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚК Тергеу департаментімен трансұлттық қылмыстық топты құрды және 4 млрд теңгеден аса сомаға алтын бұйымдардың заңсыз экспортын жасауды ұйымдастырды деген күдікпен резидент емес азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
Ол ұзақ уақыт бойы тергеуден бой тасалап жүрген. «Red Notice» (қызыл хабарлама) халықаралық іздестіру жөніндегі бірлескен іс-шаралардың нәтижелері бойынша, қылмыскер Қырғыз Республикасының аумағында ұсталды. Оны экстрадициялау ұлттық қауіпсіздік, полиция және прокуратура органдарының күштерімен жүзеге асырылды.
Айта кету керек, аталған істің бірқатар мүшелері әртүрлі жаза түрлеріне сотталған. Бүгінде топтың тағы 2 мүшесі әлі іздестіріліп жатыр.