×

Imanbek-тің фотосы Нью-Йорктегі Times Square экранына шықты

Иманбек Зейкенов 2021 жылы Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын

 Дастан Жұмабекұлы 06.03.2023 | 13:42
фото: instagram.com

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының Times Square алаңындағы экранға «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) фотосуреті шықты. Times Square – қаланың Манхэттен ауданындағы Бродвей мен Жетінші авеньюдің қиылысқан жерінде, қаланың дәл орталығында орналасқан алаң.

Экранда Imanbek-тің америкалық әнші Дэниел Тревормен бірге түскен фотосы жарияланған. Онда дуэттің жаңа туындысы жарнамаланған.

Еске сала кетсек, 2021 жылы Imanbek әнші SAINt JHN-нің «Roses» әніне жазылған ремиксі үшін Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын. Ал былтыр Imanbek-тің туындысы 1 млрд мәрте тыңдалғаны үшін Spotify сыйлығын иеленген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама