×

Көлік полицейлері 7,6 мыңнан аса заңсыз алкоголь мен 4 119 қорап заңсыз темекі тәркіледі

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 06.03.2023 | 13:37
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында 7,6 мыңнан аса заңсыз алкоголь мен 4 119 қорап заңсыз темекі өнімін тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 18 ақпанда Көліктегі ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қалалық ПД ҰҚҚКБ және Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Алмалы ауданында орналасқан үш қоймадан 7 668 заңсыз алкогольдік тауар тәркілеген.

Сондай-ақ 19 ақпанда көліктегі ПД ҰҚҚКБ және Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Алматы облысының Көксай ауылында орналасқан қоймадан 4 119 қорап темекі тауарын анықтап, тәркіледі.

Қазір жоғарыда аталған фактілерге қатысты ҚР ҚК 233-бабының 1-бөлігі («Акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодектің 201-бабы талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесінде орай жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама