Ресей гимнасшылары Халықаралық федерация құрамынан шығарылды
Енді РФ мен Беларусь спортшыларының мәселесімен ХОК айналысады
Ресей гимнасшылары Халықаралық федерация (FIG) құрамынан ресми түрде шығарылып, жарыстарға қатысу құқығынан біржолата айырылды.
Халықаралық Олимпиялық комитет (ХОК) Ресей мен Беларусь спортшыларын 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиялық ойындарға жіберу туралы мәселені қарап жатқанда жекелеген халықаралық федерациялар, оның ішінде Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) өздеріне қатысты мәселені шешіп тастады. Сөйтіп, ұйым Ресей мен Беларусь спортшыларын Олимпиададан басқа да жарыстарға қатысуға тыйым салды.