Бір күнде 34 адам коронавирус жұқтырды
1700-ден аса науқас аурудан емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 34 адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
6 наурыздағы мәлімет бойынша 1 717 адам коронавирустан (1 552+ және 165 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 596 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 2 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.