×

Республикалық маңыздағы жолдардың 2 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді

2 облыста жол жабылды

 Халық үні 06.03.2023 | 08:45
Фото: el.kz

6 наурыз сағат 07:10 ақпаратқа сәйкес, 2 облыста ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.

Ұлттық оператордың мәліметтеріне қарағанда, Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбург» тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама