×

Әлихан Бөкейхан – 157: Арқада Алаш көшбасшысы туралы деректі фильм көрсетілді

Бұл арнайы мемлекеттік тапсырыс та, коммерциялық жоба да, ғылыми зерттеу де емес, - дейді авторы

 Еркеғали Болатұлы 05.03.2023 | 15:40
фото: ашық дереккөз

Бүгін ұлт көсемі, Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханның туғанына 157 жыл толды.

Осыған орай, Астана қаласының мәдениет басқармасы мен «Музыкалық жас көрермендер театры» бірлесіп, «Әлихан Бөкейхан – ұлт-азаттық күрескері» атты танымдық-деректі фильмінің тұсаукесерін өткізді.

Екі бөлімнен тұратын туынды әлихантанушы Тұңғышбай Мұқанның өз немересі Медеу Әбеузармен бірге жасаған зор ізденісінің нәтижесінде жарық көрген.

Алаш тақырыбын танып-білуде таптырмас дереккөзге айналған деректі фильм арнайы мемлекеттік тапсырыс та, коммерциялық жоба да, ғылыми зерттеу де емес. Бұл немереміз екеуміздің Әлихан Бөкейхан тағдырының кейбір деректерін жинастырып, бүгінгі ұрпаққа, қарапайым жұртшылыққа таныстыру мақсатында түсірілді. Деректі фильм «Алаш-Орда» автономиясының құрылғанына 105 жыл толуына және «Алаш-Орда» үкіметінің тұңғыш төрағасы Әлихан Бөкейхан есімінің Қарағандыдағы Октябрь ауданына берілгеніне бір жыл толу құрметіне арналып отыр, - деді Тұңғышбай Мұқан.

Оның айтуынша, кинотуындыға кейінгі 30 жылда Арқа төрінде алаштықтарды зерттеуші ғалымдардың қатысуымен өткен маңызды шаралар арқау болған.

Қазір бұл фильм Қарағанды, Теміртау қалаларында және Әлихан Бөкейхан, Ақтоғай, Қарқаралы аудандарында көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама