×

Ақтөбе облысында жол апатынан тағы 4 шетелдік азамат қаза тапты (ВИДЕО)

Кеше сол өңірде осындай оқиғадан Тәжікстан азаматы көз жұмған еді

 Еркеғали Болатұлы 05.03.2023 | 14:19
фото: дереккөз

Кеше Ақтөбе облысында жол апатынан 4 шетелдік қаза тапты. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

4 наурызда солтүстік айналма жолда «КамАЗ» бен Cobalt жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен 3 жолаушы оқиға орнында қаза тапты, - делінген хабарламада.

Кейін көз жұмғандардың бәрі де Өзбекстан Республикасының азаматтары екені белгілі болды.

Қазір осы оқиғаға қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін кеше сол өңірде Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысып, салдарынан Тәжікстан Республикасының азаматы (DAF автокөлігінің жүргізушісі) қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама