×

Алматы маңында аурухана, мектеп, балабақшалардың орнына заңсыз нысандар салынған

Жергілікті билік Үкімет бекіткен бас жоспарды елемеген

 Еркеғали Болатұлы 05.03.2023 | 11:22
фото: Эдуард Галеев

Алматы облысының аудандарында 60-тан аса нысан заңсыз салынған, деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

Бұл заңсыздық «Заңды жер» жобасы аясында анықталды.

60-тан аса заң бұзушылық анықталды. Олардың ішінде жер учаскелерінің шекарасын негізсіз кеңейту фактілері де бар. Сондай-ақ елді мекендердің функционалдық аймақтарын өзгерткен. Бұл заң бұзушылықтар инфрақұрылымды, жолдарды, әлеуметтік объектілердің жүктемесін есепке алмай, бақылаусыз құрылыс салуға ықпал еткен, - деп хабарлады қадағалау ведомствосының баспасөз қызметі.

Алматы қаласының маңында заңсыз құрылыстың аумағы 17 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Бұл облыстың 5 әкімшілік аумағын қамтиды.

Заңсыз құрылысқа Талғар, Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандары жол берген. Жергілікті билік 2010 жылы Үкімет бекіткен құрылыс жөніндегі бас жоспарды елемеген. Соның салдарынан мектептер, ауруханалар, балабақшалар мен саябақтар үшін қарастырылған жерлер тұрғын үй құрылысы мен коммерциялық нысандарға өзгертіліп, салынған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама