Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге құлап, көз жұмды

Бала үйге жақын маңдағы өзенге құлап кеткен

 Халық үні 05.03.2023 | 01:18
Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге құлап, көз жұмды
фото: egemen.kz

Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі. 

4 наурыз күні сағат 18.00-де Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округінің Жоғарғы Боралдай ауылының тұрғындары 2020 жылы туған баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерден) судан алып шыққаны туралы хабарлама түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурыз күні күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған сәби суға түсуге жабдықталмаған жерде – үйге жақын маңдағы өзенге құлап кеткен.

«Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барды», - делінген министрлік мәліметінде.

Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама