×

Ресей әскері Бахмутты қоршап алуға жақын қалды

Ал Запорожье мен Херсон бағыттарында РФ жауынгерлері қорғанып соғысып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 04.03.2023 | 23:32
фото: ашық дереккөз

Ресей әскері Донецк облысындағы Бахмут қаласын басып алу үшін бес бағыттан шабуыл жасауды бастады.

Ресей Қарулы күштері  қаланы авиация мен ракета соққысының астына алып жатыр.  Қазір соғыс басталғанға дейін Бахмутта тұрған 75 мың халықтың 5 мыңы ғана қалды. Олардың өздері жертөлені паналап жүр.

Украина Қарулы күштерінің Бас штабы басқыншылардың негізінен Купрянск, Лиман, Бахмут, Авдеевка мен Шахтерск бағыттарында шабуыл қимылдарын жасап жатқандарын атап көрсетті.

Ресейдің «Вагнер» жеке әскери компаниясының құрылтайшысы Евгений Пригожиннің Бахмутты қоршауға алдық дегені жалған сөз болып шықты.

Дегенмен, Ресей әскері Бахмут бағытында қаланы қоршауға алудан әлі үміттерін үзген жоқ. Өткен тәулікте украинның қорғаушылары Донецк облысының Васюковка, Дубово-Васильевка және Бахмут елді мекендері маңында көптеген шабуылдарды қайтарды.

Ресейліктер украин әскерлерінің Красногоровка, Каменка, Авдеевка, Марьинка және Победа елді мекендері маңында орналасқан позицияларына да шабуыл жасады. Ал Запорожье мен Херсон бағыттарында РФ жауынгерлері қорғанып соғысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама