×

Журналистерге шабуыл ұйымдастырған күдікті ұсталды

Оған 5 бап бойынша айып тағылып отыр

 Динара Амантай 04.03.2023 | 16:19
Фото: turkystan.kz

Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырушы ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды. Ол ұсталды және соттың рұқсатымен қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 115-ші «Қауіп-қатер», 147-ші «Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу», 158-ші «Журналистік қызметке кедергі жасау», 202-ші «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» және 293-ші «Бұзақылық» баптарымен қарастырылған айыптар тағылды. Ұсталған адам істеген әрекетін мойындады.

Жауап алу барысында барлық шабуылдарды өз бетінше ұйымдастырғанын, өйткені жеке себептер мен бірқатар қазақстандық танымал БАҚ өкілдеріне бұрынғы талаптарының болғанын мәлімдеді.

Клебанов-Маневич құқыққа қайшы жоспарларын іске асыру үшін хакерлер тобы мен акцияларды орындаушыларды жалдаған. Арандату мақсаттары мен нұсқаларын өз бетінше таңдаған. Орындаушыларға берілетін қаражатты криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырған.

Тергеу жалғасып жатыр. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Баланың жасына қарай таңдау керек»: Елімізде оңалту құралдарының паркі ашылуы мүмкін

Оңалту құралдарын алған азаматтар олар істен шыққан жағдайда аталған паркке келіп жөндете алады
03.06.2023 | 15:37

Шымкентте 6 жасар баланы құтқарған оқушылар марапатталды

Уақытында көрсетілген медициналық көмек баланың өмірін сақтап қалды
03.06.2023 | 15:05

«Өзенмұнайгаз» АҚ-да анықталған 160 бұзушылық бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

101 фактіге қатысты жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылатын болады
03.06.2023 | 14:33

«250 қолөнерші қатысады»: Астанада «Аламан құрақ» жәрмеңкесі өтеді

Жоба «Қазақ елі» алаңында өткізіледі
03.06.2023 | 14:10