Halyq Uni логотип
×

Атырауда жетімдер қорлық туралы шағымданды: Балалар үйінің директоры жұмыстан шеттетілді

Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Айнұр Шошаева 04.03.2023 | 15:30
Атырауда жетімдер қорлық туралы шағымданды: Балалар үйінің директоры жұмыстан шеттетілді
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Атыраудағы «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерінің шағымынан кейін мекеменің директоры жұмысынан шеттеліді, деп хабарлайды Halyq Uni

Еске сала кетейік, «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Смайлова жедел желіге түскен мекеменің тәрбиеленушілерінің шағымы туралы хабарлаған болатын. Онда мекемеде тәрбиеленіп жатқан балалар мен түлектері онда көрген қорлықтары туралы баяндалды. 

Атырау облыстық Білім басқармасының мәліметінше, басқарма басшысының бұйрығымен «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева тергеу жүргізу уақытында атқаратын қызметінен шеттетілді. Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өтінішінен кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы («кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Директордың жұмысын жалғастыру туралы шешім тергеу аяқталғаннан кейін және оқиғаның барлық мән-жайлары анықталғаннан кейін қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама