×

Әлихан Смайылов «Назарбаев Университеті» Қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді

Университеттегі ғылыми-зерттеу жобаларының саны 146-дан 366-ға дейін өскен

 Динара Амантай 04.03.2023 | 15:01
Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Назарбаев Университеті» Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиында ұйым қызметінің өткен жылғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиында университет ғылыми қызметті кеңейтіп жатқаны айтылды. Атап айтқанда, соңғы бірнеше жылда ғылыми-зерттеу жобаларының саны 146-дан 366-ға дейін өскен.

Сонымен қатар ЖОО тақырыптық конференциялар мен кәсіби даму бағдарламалары арқылы республиканың басқа жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Назарбаев Университетінің тағы бір ауқымды жобасы ондағы Медицина мектебінің Астана фармацевтикалық кластерін дамытуға қатысуы болып отыр. Бұл Мемлекет басшысының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығындағы отандық өндірушілердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде іске асырылып жатыр. Университеттегі UMC медицина орталығының базасында бірқатар күрделі хирургиялық операция жасалады. Оның кейбіреуі Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылып отыр.

2022 жылы университет ғалымдары патенттер, коммерцияландыруға халықаралық гранттар жеңіп алды. Мысалы, аутизмге қарсы күресте роботтарды пайдалану жобасы республиканың 22 оңалту орталығында жүзеге асырылды.

Премьер-Министр ЖОО-ға ғылыми-зерттеу қызметін, оны коммерцияландыруды одан әрі нығайту қажет екенін, сондықтан отандық қолданбалы әзірлемелер әртүрлі салада жиі қолданылатынын атап өтті.

Жалпы, университеттің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының және ғылыми зерттеулерді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының көрсеткіштерін зерделеп, қажет болған жағдайда өзектендіру қажет, — деді Әлихан Смайылов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама