×

Қазақстандықтардың микроқаржы ұйымдарына қарызын қайтаруға көмектесетін жоба басталды

Әр өтініш жеке қаралады әрі қызмет тегін көрсетіледі

 Айнұр Шошаева 04.03.2023 | 13:00
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда микроқаржы ұйымына қарызын қайтара алмай жүрген азаматтарға көмектесуге арналған Stop-bankrot.kz әлеуметтік жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Halyq uni.  

Елімізде азды-көпті табысы бар, бірақ қаржы ұйымдарына қарызын қайтара алмайтын азаматтар бар. Азаматтардың бұл санаты төлем мөлшерін өзгерту және қарыз мерзімін ұзарту арқылы қарызды қайта құрылымдау процедурасынан өткені дұрыс. Бұл үшін біз Stop-bankrot.kz әлеуметтік жобасын іске қостық. Яғни бұл жоба несие алған азаматтарға мерзімі өткен қарыздар бойынша жаңа шарт жасауға көмектеседі, – деді жоба жетекшісі Юрий Ли.

 Оның айтуынша, әр өтініш жеке қаралады әрі қызмет тегін көрсетіледі. 

Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы біздің жобамыздың серіктесі болып табылады. Біз азаматтардың өтініштерін қабылдаймыз және кредиторлармен жеке келіссөздер жүргіземіз, – деп қосты ол. 


Еске сала кетейік, Юрий Ли бұған дейін Instagram желісіндегі алаяқтарды қалай тануға болатынын айтып берген еді. Сондай ақ ол қазақстандықтарға қаржы пирамидаларынан және интернет-алаяқтықтан өзін-өзі қорғауды үйрететін сервистің іске қосылғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама