Halyq Uni логотип
×

Халықтың 85 млн теңгесін жымқырған қылмыскер Украинадан елге қайтарылды (ВИДЕО)

Күдікті әйел Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды

 Динара Амантай 04.03.2023 | 12:45
Халықтың 85 млн теңгесін жымқырған қылмыскер Украинадан елге қайтарылды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Елімізде қаржы пирамидасын ұйымдастырып, халықты қомақты ақшаға алдап кеткен әйел Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Украина Бас прокурорының офисі ведомствоның қаржы пирамидасы қызметін ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырған.

Тергеу барысында аталған адамның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандықтардың 85 млн теңгеден аса ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды. Қылмыс жасағаннан кейін әйел қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.

Биыл қаңтарда күдіктіні Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстады.

Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері шетелдік әріптестерінің көмегімен күдікті әйелді елімізге экстрадициялады. Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмыс жасағандар 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама