×

Рецепсіз сатылса, жауапкершілік бар: Қазақстанда тіркелген ботокс инъекциялары

Соңғы жылдары елімізде  әйелдер арасында ботулинотерапия процедурасы  кең таралған

 Айнұр Шошаева 04.03.2023 | 10:30
Фото: 101hairtips.com

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес, Қазақстанда ботокс инъекцияларының 12 түрі тіркелген, деп хабарлайды Halyq uni.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, соңғы жылдары елімізде  әйелдер арасында ботулинотерапия процедурасы   кең таралған. Бұл әжімдерді кетіруге және теріні хирургиялық араласусыз тегіс ұстауға көмектеседі.

Бүгінде эстетикалық медицина нарығы инъекцияның әртүрлі түрлерінің үлкен таңдауын ұсынады. Бүгінгі таңда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес ҚР-да 12 дәрілік зат тіркелген. Олар «Ботулакс», «Ксеомин», «Вистабель», «ФОРТОКС®», «Диспорт®», «Нейронокс» сауда атауларымен ұсынылған. Барлық аталған дәрі-дәрмектер тек дәрігердің рецепті бойынша қол жетімді, - деді комитетте. 

Сондай-ақ ведомство еліміздің заңнамаларында рецептуралық дәрілік заттар рецептісіз іске асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салды. Дәрі-дәрмектерді заңсыз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті инъекцияларды өз бетінше енгізбеуге, тек қана сертификатталған мамандардың қызметтерін пайдалануға және елімізде тіркелген, дәрігердің рецепті бойынша жазылған дәрілік заттарды ғана сатып алуға қатаң кеңес береді. Мамандарға барар алдында ұйымның сіз таңдаған процедураларды жүргізуге лицензиясы бар екеніне көз жеткізіңіз, – деп қосты комитетте.

Айта кетейік, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сайтында медициналық қызметке лицензия алған мекемелердің тізімін жарияланған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама