×

Әлімханұлы «Канелоны» қай раундта құлататынын айтты

Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) екінші орта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен (58-2-2, 39 КО) жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді

 Халық үні 04.03.2023 | 08:45
Фото: nur.kz

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) екінші орта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен (58-2-2, 39 КО) жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Канеломен» жекпе-жек қашан?» деп сұраған әлеуметтік желі қолданушысы.

«Канело» туралы сұрақ көп. Онымен кез келген уақытта кездесуге дайынмын. Тактика және техника жағынан да дайынмын. Құдай қаласа, онымен айқас та алыс емес. Жанкүйерлер сияқты мен де ол жекпе-жекті асыға күтемін. Бұйырса, үш раундта құлатамын», - деп жауап берді Әлімханұлы. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама