Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық әйелінің некелескен тағы бір күйеуі бар екенін шетелге көшкенде білген

Ер адам жұбайы 7 жыл бұрын Тбилиси қаласында Грузия азаматымен некеге тұрғанын біледі

 Халық үні 04.03.2023 | 07:37
Қазақстандық әйелінің некелескен тағы бір күйеуі бар екенін шетелге көшкенде білген
Фото: donbasssos.org

Ер адам әйелінің жасырын некеге тұрғанын Дубайдан Грузияға көшкенде бірақ білген.

Астана қаласы сотының мәліметінше, ерлі-зайыпты Дубайда некеге тұрған. Неке елшілікте, содан кейін Қазақстан аумағындағы АХАТ органында тіркелген. Сондай-ақ олар бірге тұрған кезде ортақ балалары дүниеге келген.

Кейін отбасы Грузияға қоныс аударып, сол елде тұруға рұқсат алған. Алайда құжаттарды алған кезде ер адам жұбайы 7 жыл бұрын Тбилиси қаласында Грузия азаматымен некеге тұрғанын біледі.

Ер адам осы жағдайға байланысты зайыбының некеде тұрғаны туралы ештеңе білмейтін айтып сотқа жүгінген. Сот 2018 жылы Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығында жұбайлар арасында тіркелген некені жарамсыз деп таныды.

Әйел Астана қаласы сотына апелляциялық шағыммен жүгінген. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама