×

Республикалық маңыздағы 26 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

 Халық үні 04.03.2023 | 06:23
фото: el.kz

Республикалық маңыздағы 26 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

«4 наурыз сағат 01:20-дағы ақпаратқа сәйкес еліміздің 9 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 26 учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар өңірлерінде республикалық тасжолдар жабық», - деп жазды ведомство.

Жол қозғалысына шектеу енгізілген тасжолдар туралы қосымша ақпарат алу үшін мынау сілтемеге өту қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама