Halyq Uni логотип
×

СҚО-да әкімнің орынбасары 3 жылға сотталды

Шенеунік бюджет қаражатын мерзімінен бұрын аударуға жәрдемдесемін деп алдаған

 Халық үні 03.03.2023 | 20:45
СҚО-да әкімнің орынбасары 3 жылға сотталды
Фото: ortcom.kz

Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары алдап алған 200 мың теңге үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

СҚО сотының мәліметінше, 2 наурыз күні облыстық соттың аппеляциялық алқасы прокурордың аппеляциялық өтінішімен К.-ға қатысты алаяқтық жасауға оқталу қылмыстық ісін қарады.

Сотталған Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқара отырып, М-дан 200 мың теңгені алаяқтық жолмен алған. Бюджет қаражатын оған мерзімінен бұрын аударуға жәрдемдесемін деген К. қылмыс орнында ұсталды.

Петропавл қалалық соты оған ұрланған мүліктің 15 еселенген мөлшерінде, яғни 3 млн теңге айыппұл салуға үкім шығарды.

Бұл үкіммен прокурор келіспей, апелляциялық өтініш берді. Қадағалаушы орган үкімнің тым «жұмсақтығын» айтып, К-ға тағайындалған жазамен келіспеді.

Қылмыстың бұл түріне айыппұл немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сот К-нің қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін жағдай деп оның шын жүректен өкінуін, жас балаларының, соның ішінде ауыр дертке шалдыққан баласының болуын есепке алды. Ал К-ның өзі қабылдаған антты бұзуы - ауырлататын мән-жай деп танылды.

Аппеляциялық алқа К-ға тағайындалған айыппұл түріндегі жазаның сотталған адамның жеке басына және ол жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келмейтінін мойындады.

Сот алқасының қаулысымен К.-ға қатысты үкім өзгертіліп, оны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Апелляциялық қаулы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама