×

Чехияның жаңа президенті мотоциклмен жүре беретінін айтты

Бірақ ол бұған мүмкіндік азайып қала ма деп те уайымдайды

 Дастан Жұмабекұлы 03.03.2023 | 17:54
фото: ашық дереккөз

Чехияның президенті Петр Павел қызметке кіріскеннен кейін де мотоциклмен жүре беретінін айтты.

Ол келесі жетіде ресми түрде Чехияның президенті қызметін атқаруға кіріседі. НАТО-ның отставкадағы генералы жақында өткен президент сайлауында жеңіске жеткен еді.

Чех президенті бұрынғыша мотоцикл жүргізуді тастамайтынын, мүмкіндік болып жатса, жұмысқа міндетті түрде мотоциклмен баратынын айтты. Бірақ ол бұған мүмкіндік азайып қала ма деп те уайымдайды.

Жақында Петр Павел Прагада өткен мотоциклдер жәрмеңкесіне өзінің BMW GS1250 мотоциклімен 35 шақырым жердегі үйінен келген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама