×

Қостанай тұрғыны полицейге қарсылық танытқаны үшін 5 тәулікке қамалды

Ол - учаскелік полицейге бағынғысы келмеген 8 мас адамның бірі

 Динара Амантай 03.03.2023 | 15:49
Фото: turkystan.kz

Қостанайда ер адам тәртіп сақшысына қарсылық көрсеткені үшін 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1 наурызда учаскелік полиция инспекторына көпқабатты үйдің тұрғындарынан шағым түскен. Олар жалға берілетін пәтер иелеріне шағымданып, онда үнемі айқай-шу естіліп, алкоголь ішілетінін айтқан.

Учаскелік полиция инспекторы серіктесімен бірге аталған мекенжайға келіп, пәтердің есігін қаққан. Ол жерден 8 мас адам шығып, озбыр мінез танытқан. Балағат сөздерді доғару туралы өтінішке құлақ аспаған олардың бірі учаскелік қызметкердің киіміне жармасып, жаға жыртысқан.

Осы әрекеті үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қостанай қаласы әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама