×

Мәскеудің түбіндегі Коломна қаласында жарылыс болды

Оған куә болған адамдардың айтуынша, әуелі аспанды тесіп өткен дыбыс естілген

 Дастан Жұмабекұлы 03.03.2023 | 15:42
фото: ашық дереккөз

Ресейдің Мәскеу облысындағы Коломна қаласының маңында жарылыс болды.

Коломнадағы жарылыс іс жүзінде қаланың барлық аудандарына естілді, – деп жазды ТАСС агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс көрші селолардың бірінде кешкі сағат 21:30 шамасында болған.

Жарылысқа куә болған адамдардың айтуынша, әуелі әуені тесіп өткен дыбыс естілген, соңынан Коломна жанындағы селолардың бірінің күл-қоқыс тастайтын аумағында жарылыс болған. Одан әрі түтін көтеріліп, жалын аспанға шапшыған. Одан тараған толқыннан Төменгі Хорошевода үйлердің әйнектері сынған.

ТАСС-тың хабарлауынша, әзірше қаңқалары табыла қоймаған дронның шабуыл жасағаны жайында болып жатыр.

Бұған дейін 28 ақпанда Мәскеуден 75 шақырым қашықтағы Коломна түбіне ұшқышсыз ұшақтың құлағаны туралы да әңгіме болған еді. Келесі күні Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері сол жақтан жарылғыш құрылғы тапқан көрінеді.

Агенттіктің хабарлауынша, Коломна түбіне құлаған украинның «Укрджет» өнеркәсібі шығаратын екпінді «UJ-22 Airborne» дроны болып шыққан. Ол жағар майы таусылып қалғандықтан құлап, ағаштардың біріне қанаты зақымдалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама