×

Арал теңізінің деңгейі жарты метрге көтерілді

Жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метрге ұлғайды

 Дәурен Ерболат 03.03.2023 | 14:51
Фото: orexca.com

Арал теңізінің деңгейі шамамен жарты мертге көтерілді, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Осыға уақытқа дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд текше метрден 18,5 млрд текше метрге азайып, су деңгейі 40,42 мБЖ (метр балтық жүйесімен) дейін төмендеді.

2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы наурызға дейін теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ немесе 48 см-ге дейін көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метрге ұлғайды, - деді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғанов.

Былтыр Аралға 816 млн текше метр су, ал биыл 2 айда 803 млн текше метр су құйылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама