Ол жолаушылардың қауіпсіздігін елемеген
Шығыс Қазақстан облысында жауапсыз жүргізушіге сот үкімі шықты, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Биыл 6 желтоқсанда Самар ауданы Бұқтырма су қоймасында жүргізуші тыйым салынған белгіге қарамай, мұз өткелі арқылы өткен. Салдарынан көлік суға батып, 73 жастағы әйел қайтыс болды.
Көлікте барлығы 5 адам отырған, төртеуі шығып үлгерген.
2 наурызда істі Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу») бойынша Самара ауданының соты қарады.
Сотталушы баланы асырап отырғандықтан жазасы жеңілдетілді. Ер адам 2,5 жылға бас бостандығынан, 5 жыл көлікті басқару құқығынан айырылды, - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.