×

Елордада су басу қаупі бар 21 учаске анықталды

Бүгінде басқарма кешенді іс-шара жоспарын әзірлеген

 Дәурен Ерболат 03.03.2023 | 13:25
Фото: Tengrinews.kz

Астанада 21 учаскеге су басу қаупі төніп тұр. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дастан Алдабеков айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елордада су басуы мүмкін 21 учаске бар. Су тасқыны қаупін сейілту үшін ТЖД және қалалық коммуналдық қызмет жұмыс істеп жатыр. Бүгінде жеке құрамның 145 маманы, 76 техника, 46 мотопомпа және 2 жүзу құралы дайын. Су тасқынын болдырмау үшін біздің басқарма кешенді іс-шара жоспарын әзірледі, - деді Дастан Алдабеков.

Айта кетейік, бұған дейін 6 өңірде су тасқыны болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Салдарынан 700 мыңнан аса адам үйсіз қалуы мүмкін. Соны болдырмас үшін Үкімет басшысы министрлер мен әкімдерге тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама